Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің кезекті жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

AstanaTV
30.01.2018ж. 20:00
2390
Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің кезекті жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің реваншы мамырдың 5-ші жұлдызында өтетін болды. Бұл туралы боксшылар тwitter парақшаларында жазды. Алайда, бокс кеші нақты қай қалада өтетіні әзірге белгісіз. Головкин бұл жолы да бәсекеге барлық чемпиондық титулдарын тіксе, Альварес The Ring титулы мен орта салмақтағы чемпион титулын тігеді. Естеріңізге салсақ, алғашқы кездесуде қос боксшы тең түскен болатын. Бұл жолы Альварес Геннадийді нокаутқа жіберем десе, Геннадий жекпе-жек алаңынан жеңімпаз болып оралатынын мәлімдеді.

Геннадий Головкин, орта салмақтағы әлем чемпионы:

Мен Альвареспен тағы кездесетініме қуаныштымын. Бұл әлем күтіп отырған бокс кеші. Алғашқы кездесуде кей судьялардың шешімімен келіспеген едім, бұл жолы ешкімнің күмәні болмайды. Мен орта салмақтағы әлем чемпионы боламын.