$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңесте алаяққа алданбаудың жолы түсіндірілді

«AMANAT» партиясы жанындағы  Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңесте алаяққа алданбаудың жолы түсіндірілді

Бүгінде жастар арасында интернет алаяқтарының құрбанына айналып жатқандар көп. Көпшілігі заң талаптарын білместен банк карталарын екінші адамға беріп, сыбайластық әрекет жасағандарын түсінбейді. Ал қылмыскерлер сол арқылы өздерінің жымысқы әрекеттерін жүзеге асырады. Бұл туралы Қызылордада өткен «AMANAT» партиясы жанындағы  Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңесте айтылды. Отырыста жастар арасындағы интернет-алаяқтық қылмыстарын азайту және алдын алу турасында талқыланды. Сонымен қатар NEE санатындағы жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу бағытындағы атқарылған жұмыстар айтылды. Алдағы жоспарлар жүйеленді. Мұндай айтылған әрбір ұсыныс пен мәселе кеңес мүшелерінің ғана емес, партияның да  жіті бақылауында болады дейді кеңес төрағасы.

ДӘУЛЕТ ІЗБАСАРҰЛЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жастардың мәселесі партияның күн тәртібінен түскен емес және өте маңызды. Болашақ жастарымыздың қолында. Сол себепті де олардың дұрыс өсуі, жұмыспен қамтылуы, қандай да бір қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы, қандай да бір құқық бұзушылыққа бармауы жөніндегі мәселелер біздің жіті назарымызда. Кеңесте талқыланған мәселелердің барлығы тиісті хаттама рәсімделіп сол құзырлы мекемелерге жолданады.