Халықпен қалай дұрыс тіл табысу керек және өңірді басқаруда неге басымдық берген жөн? Өскеменде жергілікті әкімдер мен депутаттар осы сұрақтардың жауабын іздеп, білімін жетілдіруде. «AMANAT» партиясының бастамасымен ашылған Саяси менеджмент мектебінде кадрлардың сапасын арттыру қолға алынды. Мұндағы оқу бағдарламасы тек теория емес, тәжірибеге негізделген. Қатысушылар шешендік өнер, халықпен кері байланыс орнатудың тиімді жолдарын үйреніп жатыр. Сондай-ақ, қаржылық сауаттылық пен саяси науқандарды ұйымдастыру мәселелері де назардан тыс қалмады. Әр кезеңнен соң тыңдаушылар тест тапсырып, алған білімдерін дәлелдеуі тиіс.
ДИНАРА МҰҚЫШЕВА, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ӨМІР СҮРУ САПАСЫ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Оқу курсы алты модульден тұрады. Оған өңірлік даму, салық, жаңа Бюджет кодексі мен көшбасшылық тақырыптары енді. Осы бағыттар бойынша алған білім жергілікті билік өкілдерінің жұмысын жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі деп сенеміз.