$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Оқушылар иммундық жүйенің жұмысын ойын форматында үйрене бастады

Оқушылар иммундық жүйенің жұмысын ойын форматында үйрене бастады

Иммунитет адам денсаулығының кепілі. Оны жіті білу балалар үшін өте маңызды. Бүгін елордадағы №113 мектепте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Иммундық патруль» цифрлық платформасын қолдана отырып, ашық сабақ өткізілді. Іс-шара «Еуропалық иммундау апталығы» мен жаратылыстану ғылымдары апталығы аясында өтті.

Сабақ дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген цифрлық бағдарлама арқылы өтті. Оқушылар топтарға бөлініп, ойындар арқылы иммундық жүйенің жұмыс істеу принциптерін меңгерді.

ҚАНАТ СҰХАНБЕРДИЕВ, ДДСҰ ЕЛДІК КЕҢСЕСІНІҢ ВАКЦИНАМЕН БАСҚАРЫЛАТЫН ИНФЕКЦИЯЛАР ЖӘНЕ ИММУНИЗАЦИЯ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

Ата-аналар немесе қамқоршылар кей жағдайда балаларды вакцинациялаудан бас тартады. Соның салдарынан балалар осал болады. Осыған жауап ретінде балаларды оқыту мақсатында «Иммундық патруль» оқу модулі әзірленді.

Мұғалімдердің айтуынша, мұндай сабақтарда балалар тек тыңдап қана қоймай, белсенді түрде қатысады.

ГҮЛБАНУ КӨПТІЛЕУОВА, БИОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Бұл шарамыздың негізгі мақсаты оқушылардың имундық сауатын арттыру. Иммундық сауаттылықты арттыру оқушылардың бойынша жаңа дағды, болашаққа деген қадам, болашақтың қауіпсіздігі деп айта аламын. Бұл "иммундық патруль" оқыту білім беру платформасы 6 бөлімнен тұрады.

Осындай сабақтардың арқасында оқушылар жұқпалы аурулардың қалай таралатынын, адамның иммундық жүйесі қалай жұмыс істейтінін және вакциналарды өздерін және айналасындағыларды қорғау үшін қалай қолдануға болатынын үйренеді.

ӘДІЛЕТ БАЛТАБЕК, ОҚУШЫ:

Маған бұл сабақ қатты ұнады. Себебі біз имундық жүйенің жасушалары туралы білдік. Оларды 3Д видеомен көрдік. Олар не істейтінін көрдік.

«Иммундық патруль» Дания, Франция, Армения, Молдова, Түркия және Еуропаның басқа да елдерінде сәтті енгізіліп, балалардың денсаулық сауаттылығын арттыруда айтарлықтай нәтиже көрсетті.