Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғындары да қоршаған ортаны көркейтіп, көгалдандыру жұмыстарына үлес қосты. Олар елдімекен аумағын қоқыстан тазалап, сенбіліктерді тұрақты өткізудің маңыздылығын кеңінен насихаттады. Аудандағы «Руханият» орталығының алдына 550 түп көшет егіп, өскелең ұрпақты табиғатты аялауға шақырды. Шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қосу, ел арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілді дейді ұйымдастырушылар.
АЙҚЫН ЖАҚСЫЛЫҚОВА, АУДАНДЫҚ «ҰЛАҒАТ» АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:
Аудан жұртшылығы, оның ішінде аналар кеңесі, әйелдер кеңесі, ақсақалдар кеңесі, барлық үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп «Таза өлке Жалағаш» аясында ағаш отырғызуға бір кісідей қатыстық. Ағаш отырғызуға бір кісідей қатыстық бүгінгі егілген ағаштар ертеңгі болашағымыздың игілігіне қызмет ететініне сенеміз.