$541.34 €640.73 ₽6.53
×

9 қабатта балкон жанып, 100 - ден астам адам эвакуацияланды

25.04.2026ж. 09:03
9 қабатта балкон жанып, 100 - ден астам адам эвакуацияланды

Петропавл қ. Уәлиханов көшесінде орналасқан 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің балконында өрт шықты.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ бөлімшелері өртті қысқа уақытта толық сөндіріп, оның басқа пәтерлерге таралуына жол бермеді. Үйден 117 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі — балконда темекі шегу.