$541.34 €640.73 ₽6.53
×

ШҚО-да көші-қон ережесін бұзған шетелдіктер елден шығарылды

25.04.2026ж. 07:31
ШҚО-да көші-қон ережесін бұзған шетелдіктер елден шығарылды
Polisia.kz

ШҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері өңірдегі шетелдік азаматтардың тіркеу мекенжайлары мен болу қағидаларының сақталуын тексеру бойынша ауқымды жұмыстарды жалғастыруда. Бұл ретте заңсыз еңбек қызметіне тарту фактілерінің жолын кесуге ерекше көңіл бөлінеді.

Жыл басынан бері тиісті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген 183 шетелдік азамат жауапкершілікке тартылды. Кезекті заң бұзушылық фактісі жақында жүргізілген тексерулер барысында белгілі болды. Тәртіп сақшылары облыс орталығындағы құрылыс нысандарының бірінен уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек етіп жүрген көршілес мемлекеттің 22 азаматын анықтады. Құқық бұзушыларға қатысты қатаң әкімшілік шаралар қолданылды. Көші-қон заңнамасын өрескел бұзғандарға қатысты сот шешімімен ел аумағынан шығару туралы қаулы қабылданды. Заңсыз әрекетке жол берген жұмыс беруші де жауапсыз қалмады. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін заң аясында жауапқа тартылды.