$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жамбыл облысында «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің отырысы өтті

AstanaTV
27.04.2026ж. 19:00
Жамбыл облысында «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің отырысы өтті

Жамбыл облысында «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің отырысы өтті. Онда республикалық кеңестің төрағасы мен мәжіліс депутаттары облыс әкімі мен аймақтық күштік құрылымдары басшыларының баяндамасын тыңдады. Екі жылда  өңірде сыбайлас жемқорлыққа қатысты 172 құқық бұзушылық фактісі тіркелген. Оның 19-ы биыл  алғашқы екі айда анықталған. Бұл істердің 144-і бойынша тергеу амалдары толық аяқталып, 128 қылмыстық іс сотқа жолданған. 45% – пара алу фактісі болса, 30% – сеніп тапсырылған мүлікті жымқыру. Ал 10% – лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану, 15% – алаяқтық әрекеттерге қатысты.  

ЕРЛАН САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:

Оң динамика бар бірақ, проблема да бар. Енді AMANAT партиясында сараптама жасалып, осы облыстық деңгейде, республикалық деңгейде біз өзіміздің мәліметтерімізді беретін боламыз.