Павлодарда дүлей дауыл тұрып, салдарынан 2 адам жарақат алды. Оқыс оқиғаның бірі - Ақтоғай ауданында болған. Гараждың шатырынан ұшқан шифер 41 жастағы әйелдің бетін кесіп кеткен. Науқас бірден облыс орталығына жеткізілді. Дәрігерлер науқастың жағдайын орташа ауырлықта деп отыр. Ал екінші оқиға Павлодар қаласында болды. Үй ауласында кетіп бара жатқан 34 жастағы келіншектің басына ағаш бұтағы құлаған. Әйелдің миы шайқалған, қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Өңірде 29 нысанның шатыры ұшқан. 36 елдімекен жарықсыз қалды. Қазір апатты жою жұмыстары жүріп жатыр.
ДУМАН КЫДЫРМОЛЛАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ауа-райының нашарлауы және желдің күшеюі нәтижесінде "Қазгидромет" РМК филиалының деректері бойынша желдің екпіні 23-28 м/с-қа жетті. Павлодар облысының аумағында облыстың 7 өңірінде объектілерде шатырлар зақымдануының 29 фактісі тіркелді. Зақым көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлерге, білім беру және денсаулық сақтау мекемелеріне, әкімшілік ғимараттарға, сауда нысандарына әсер етті.