Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Астанада әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары жөніндегі Бас келісімге қол қойылды

AstanaTV
31.01.2018ж. 20:00
2323
Астанада әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары жөніндегі Бас келісімге қол қойылды

Бүгін Астанада әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары жөніндегі Бас келісімге қол қойылды. Құжат ел Үкіметі, республикалық жұмыскерлер бірлестіктері мен жұмыс берушілер бірлестіктері арасында 2018-2020 жылдарға арналған жұмыс жоспарына сай құрылған. Келісім экономиканы технологиялық жаңғырту мен бизнес ортаны түбегейлі жақсартуды көздейді. Үшжақты келісім сондай-ақ халықты формалды және өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, адами капитал, еңбек жағдайлары мен қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

7 құрамнан белгіленген разделдарды белгіледік. Мұның барлығы Елбасының 3-жаңғыру тапсырмасынан келген. Негізгі мәселе - жаңа технологияларды енгізу, экономиканы цифрландыру, мамандарды даярлау.