Бишімбаевтың
ісін қарап жатқан Астана соты экс-министрдің өтінішін қанағаттандырмады. Жаңа
айыптау актісі шығуына орай, оның қорғаушылары судьядан сот процесіне
дайындалуға тағы 7 күн сұрап өтініш білдірген. Алайда, өтінішті
толық зерттеген судья келісім беруден бас тартты. Сондай-ақ атышулы іске қатысы
бар 7 адамның бесеуі мемлекеттік айыптаушылармен келісімге келетін болды. Кінәсын
мойындаған олардың жаза мерзімін қысқарту туралы өтінішін сот қабылдады.
Айта кетейік, Бишімбаевқа
"аса ірі көлемде пара алу", "сеніп тапсырылған мүлікті талан- таражға салу" баптарымен айып
тағылды. Қарашадан бері өтіп жатқан сотта экс-шендіден басқа 23 адамның қылмыстық
ісі қаралуда. Олардың дені кінәсін мойындаған.
Диана САПАРҚЫЗЫ