Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Павлодарда онкодиспансерге қажет қондырғы сатып алу мәселесі жуырда шешіледі

AstanaTV
31.01.2018ж. 20:00
2326
Павлодарда онкодиспансерге қажет қондырғы сатып алу мәселесі жуырда шешіледі

Павлодардағы онкодиспансерге қажет қондырғы алу мәселесі жуырда шешіледі. Жаңадан салынып жатқан емдеу орнына жетпей тұрған қымбат аппарат сатып алынатын болды. Бұған шамамен 1 жарым млрд теңге қажет. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ораз Мұқашевтың айтуынша, мәселе Үкіметтік деңгейде қаралып жатыр. Сәуір айына жоспарланған республикалық бюджетті қайта қарау кезінде қаражат жайы шешілуі тиіс.

Ораз Мұқашев, Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы:

Желілік жылдамдатқыш - өте қажет аппарат. Әзірге аймақта ондай қондырғы жоқ. Сатып алу үшін қосымша қаржы қажет болды. Сондықтан Денсаулық сақтау министріне хат жібердік. Әкімдік бұл жағдайдан хабардар. Мәселе жақын арада шешіледі деп ойлаймын.