Павлодарда «Таза ел – таза жүрек» атты экологиялық сайыс ұйымдастырылды. Шараға қаладағы №27 мектептің оқушылары қатысты. Сайыс барысында оқушылар 3 кезең бойынша командалық жарысқа түсті. Бірінші кезеңде қатысушылар бір-біріне экологияға қатысты сұрақтарға қойып, соған жауап берді. Екінші кезеңде командалар табиғатты сақтау бойынша өзара тәжірибе алмасты. Ал үшінші кезеңде экологияның болашағын талқыға салды. Қоршаған ортаны таза ұстау бойынша оқушылар өз жобаларын ұсынды. Сайыс қорытындысы бойынша үздік шыққан командалар марапатталды. Шараны «Жасыл ел» облыстық штабы ұйымдастырды.
АЙГЕРІМ ТҮСІПБЕКОВА, «ЖАСЫЛ ЕЛ» ОБЛЫСТЫҚ ШТАБЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:
Бұл іс шара балаларға экологияның маңыздылығын түсіндіреді және олардың волонтер болу деген нәрсені түсіндіреді. Біз бүгін балаларға көптеген қызықты тапсырмаларды дайындадық. Сол тапсырмалардың арқасында балалар экологияны сақтау туралы нәрселерді білетін болады. Болашақта біздің табиғатымызды сақтау керек. Сол үшін біздің жасөспірімдерімізді қоршаған ортаны аялауға дайындауымыз керек.