$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қарағанды қаласындағы украин этносының өкілдері қазақ тілін тегін үйреніп жатыр

28.04.2026ж. 19:00
Қарағанды қаласындағы украин этносының өкілдері қазақ тілін тегін үйреніп жатыр

Қарағанды қаласындағы украин этносының өкілдері қазақ тілін тегін үйреніп жатыр. Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген құрметі жоғары.

Украин тілі қоғамының төрағасы Наталия Еременко қазақ тілінің оқыту құралын өзі жасап шығарған. Бүгінде осы әдістемелікпен мемлекеттік тіл аптасына екі рет тегін оқытылады. Бірлестікке мүше 3 жүзден астам адам түрлі мәдени шараларға қатысады.   Қарағанды облысында 100 мыңнан астам украин ұлтының өкілі тұрады. Олар барлық этностармен тату- тәтті ғұмыр кешіп, жан- жақты даму үстінде.

НАТАЛИЯ ЕРЕМЕНКО, Т.ШЕВЧЕНКО АТЫНДАҒЫ “РІДНЕ СЛОВО” УКРАИН ТІЛІ ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің өмірімізде тіл, мәдениет, көршілерімізбен қарым- қатынас күнделікті өмірдегі қарым- қатынас жұмысымызда, оқуымызда көлікте келе жатқан кезде, дүкенге барған кезде айырмашылық жоқ. Барлығымызға теңдей құқықтар берілген. Сондықтан да украин этнос өкілдері барлық конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтарды еркін түрде иеленеді.