Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

АХҚО шамамен 3-5 жыл ішінде өзін-өзі толық ақтайтын деңгейге көтерілуді жоспарлап отыр

AstanaTV
31.01.2018ж. 20:00
2110
АХҚО шамамен 3-5 жыл ішінде өзін-өзі толық ақтайтын деңгейге көтерілуді жоспарлап отыр

«Астана» халықаралық қаржы орталығы 3-5 жылда өзін - өзі толық ақтайтын деңгейге көтерілуді жоспарлап отыр. Осы уақыт аралығында Қазақстанға кемі 5 миллиард доллар инвестиция тарту көзделген. Бұл туралы үкіметте өткен баспасөз жиынында қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

Қайрат Келімбетов, АХҚО басшысы:

Біз бюджетке деген тәуелділіктен арылуды жоспарлап отырмыз.  Ол үшін инвестиция тартуымыз қажет. Алдағы 3-5 жылда 3-5 млрд доллар қаражат тартсақ дейміз. Алдағы 10 жылда 40 млрд долларға дейін қаржы тартамыз деген жоспар бар.

Келімбетовтің айтуынша, Air Astana, Қазақтелеком, Қазатомпром ұлттық компанияларының акциялары орталықтың биржасына биылғы жылдың соңына қарай шығуы мүмкін. Ал криптовалюта турасындағы сауалға маман «біз мұны әлі меңгеріп жатырмыз» деп жауап берді. Дегенмен электронды ақшамен инвестиция тарту қарапайым азаматтардан гөрі, кәсіби  инвесторлар үшін маңызды дейді.