«Нұр Отан» партиясы бизнес иелеріне қолдау көрсетуді жалғастырады. Партияның Қарағанды облыстық филиалы «Бизнес - Бастау» жобасына көбірек қаржы бөлуді сұрап, үкіметке хат жолдамақшы. Мәселе партиялық тыңдауда талқыланды. Қазақстанда аталған жобаға 8 мыңдай адам қатысқан. Алайда, тек 3 мыңнан астамы ғана өз ісін ашуға мүмкіндік алған. Қаржыландыру мерзімінің ұзақтығы мен шарттарының қатаңдығы үміткерлердің қолын байлады. Сондықтан партия «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының орындалу барысын қатаң бақылауға алмақ.
Қадиша Оспанова, «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
Банктардың кредит бермейтіні, көп уақытқа созатыны дегендей, сұрақтар бар. Сол сұрақтарды біз қарап, қалай шешуге болатын жолдарын, механизмдерін қарастырып шешуге тырысамыз.
Ал,
Таразда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 97 млрд
теңгедей қаражат бөлінген. Оған 996 жоба әзірленіп, мемлекеттен қолдау тапты.
Бағдарламаны жүргізуде Жамбыл облысы субсидиялау бағыты бойынша елімізде 4-ші
орынға жайғасқан. Бұл туралы партияның Жамбыл облыстық филиалында өткен
тыңдауда айтылды. Бір ғана Тараз қаласында 437 жоба жүзеге асыпты.