$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Нұр Отан" партиясында биыл министрлердің қатысуымен 40-тан астам қоғамдық қабылдау өтпек

AstanaTV
31.01.2018ж. 20:00
2689
"Нұр Отан" партиясында биыл министрлердің қатысуымен 40-тан астам қоғамдық қабылдау өтпек

"Нұр Отан" партиясында биыл министрлердің қатысуымен 40-тан астам қоғамдық қабылдау өтпек. Ал бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы азаматтарды қабылдады. Енді мұндай қабылдаулар бейне байланыс және скайп арқылы жүргізіледі. Бүгін онлайн режимге 4 аймақ қосылып, министрге деген өтініштерін тікелей жеткізді. Нұротандықтар мұндай қабылдауларда қаралған мәселелердің 40-50 пайызы оң шешімін табатынын айтады. Былтыр 230-дан астам адам өтінішпен келсе, әр бесінші мәселе оң шешілген.

Жұмажан Жүкенов, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:

Біз 2018 жылы қандай министрлерді қалайсыздар деп сауал жасадық халықтар арасында желтоқсан айында. Соның ішінде бірінші болып әділет министрі шықты. Соның қабылдауын өткіздік. Бізде көптеген адамдарды денсаулық мәселесі мазалайды. Және еңбек және халықтың әлеуетін қорғау министрі де, сол бірінші бестікте мәдениет министрі де бар.