Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Экс-депутат М.Әшімбаев "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

AstanaTV
01.02.2018ж. 20:00
4042
Экс-депутат М.Әшімбаев "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары ауысты. Бүгін Мемлекет басшысы партияның орталық аппаратында болып, бұған дейін Парламентте Мәжіліс депутаты болған Мәулен Әшімбаевты жаңа қызметке тағайындады.

Нұрсұлтан Назарбаев Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған Мәулен Әшімбаевтың партияға салмақты үлес қосатынына сенім білдірді. Ал 2016 жылдан бері партия төрағасының бірінші орынбасары қызметін абыроймен атқарып келген Мұхтар Құл-Мұхаммедке алғыс айтты. Мемлекет басшысының жарлығымен ол Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.