Қарағанды облысының тұрғыны Krisha.kz арқылы алаяқтық жасаймын деп бірнеше жылға сотталып кетті.
Қарағанды облысында жыл басынан бері 541 алаяқтық фактісі тіркелді, оның 335-і интернет-ресурстарды пайдалану арқылы жасалған. Ең кең таралған схемалар: онлайн сауда, әлеуметтік желілер, сондай-ақ банк операциялары, ұтыстар мен инвестициялар туралы жалған хабарламалар.
«Өңірде мұндай қылмыспен айналысқан тұлғалар ұсталды. Мысалы, азаматша «Krisha.kz» сайтында пәтерді жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялап, клиенттерден алдын ала төлем алып, қашып кеткен. Сот оны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 190-бабы 3-бөлігі 4) тармағы бойынша кінәлі деп танып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды», – делінген прокуратура хабарламасында.