Автобуста өртеніп кеткен Өзбекстан азаматтарының өлімінен соң қолға алынған "Автобус" шарасы кезінде Павлодарда 150-ге жуық тәртіп бұзушылық анықталған. Полицейлердің айтуынша, бұл он күннің ішіндегі көрсеткіш. Мамандардың айтуынша, көбіне заң бұзушылыққа жол беретін жүргізушілер көрінеді.
Серік Жұмалиев, Павлодар облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы:
Техникалық талаптарға сәйкес келмеу, жолаушылар тасымалын тиісті келісімшартсыз жүзеге асыру сынды тәртіп бұзушылықтар болды. Тіпті, автобустарды айыппұл тұрағына қамаған да деректер бар. Осы уақыт аралығында көлікті сақтандыру полисінсіз басқарған 4 автобус айыппұл алаңына қойылды.
Бүгін
«Ертіс» бақылау бекетінде екі автобус тоқтатылды. Оның бірінде Ресейге бет
алған қырғыз азаматтары болса, екіншісі Павлодар-Екібастұз бағытындағы
жолаушылар автобусы. Төтенше қызмет өкілдері соңғысынан өрт сөндіретін құралдың
салонда емес, жүк салатын орында жатқанын анықтады.