$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

01.05.2026ж. 10:23
Ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: pixabay

1 мамыр күні Астанада күннің екінші жартысында бұршақ, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Алматыда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыс желі 15 м/с-қа дейін күшейеді.

Абай облысының оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл тұрады. Шығыс және оңтүстік-шығыс желінің жылдамдығы облыстың оңтүстігі мен орталығында 15–20 м/с, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Өңірдің оңтүстігі мен орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с.

Ақтөбе облысында солтүстік, солтүстік-батыс желі соғып, екпіні 15–18 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды, дкүшті жел тұрады. Кей жерлерде шаңды дауыл болады. Жел бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с, кейде 25 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында шығыс және оңтүстік-шығыс желі соғады, екпіні 15–20 м/с. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік болуы мүмкін. Батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болуы ықтимал. Оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы 15–20 м/с-қа жетеді. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыс желінің жылдамдығы облыстың шығысында 15–20 м/с, Алакөл маңында екпіні 23–28 м/с-қа жетеді. Өңірдің шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел бағыты солтүстік-шығыстан батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с. Түнде кей жерлерде 1 градус үсік болуы мүмкін.

Маңғыстау облысының оңтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Солтүстігі мен батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында түнде және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күшті жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі болжанады.

Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–18 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Күндіз де жауын-шашынды. Желдің екпіні 15–20 м/с.

Қызылорда облысының орталығы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады. Батыс және солтүстік-батыс желінің жылдамдығы 15–20 м/с. Өңірдің шығысы, оңтүстігі және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде күндіз жаңбыр, найзағай, ал шығысы мен орталығында аздаған жаңбыр күтіледі. Жел бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.