LRT желісінің жылжымалы құрамы мен негізгі жүйелерін сынақтан өткізу толық аяқталды.
City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, қазіргі уақытта желіде жоспарлы клинингтік және регламенттік жұмыстар жүргізілуде.
Осыған байланысты 5 мамырға дейін барлық LRT пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды.
- LRT нысандарында эстакадалық инфрақұрылымды тазалау, станция ғимараттарын жинау, сондай-ақ жекелеген инженерлік жүйелерді әрі қарай пайдалануға дайындау жұмыстары жүргізіледі, – деп нақтылады CTS.
Компанияда атап өткендей, жүргізіліп жатқан жұмыстар LRT инфрақұрылымын дайындау аясында жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.