Астанада Есіл өзенінен 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Astana TV Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Өз кезегінде қалалық Полиция департаменті қайғылы оқиғаның болғанын растады.
«Есіл өзенінде мәйіттің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері марқұмның Астана қаласының 54 жастағы тұрғыны екенін анықтады», – делінген ПД-ның агенттік тілшісіне берген пікірінде.
Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Жағдайдың мән-жайы тергеу барысында анықталмақ.