$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Көкшетауда полиция мотоцикл жүргізушісінен 5 келіден астам марихуана тәркіледі

Көкшетауда полиция мотоцикл жүргізушісінен 5 келіден астам марихуана тәркіледі
полиция

Патрульдік полицейлер қызмет барысында есірткінің ірі партиясын заңсыз сақтау фактісінің жолын кесті.

Красный Яр ауылында полицейлер мотоцикл жүргізушісін тоқтатты, оның мінез-құлқы күдік тудырған.

Тексеру барысында тәртіп сақшылары есірткіге мас болуының ықтимал белгілеріне назар аударды. Мән-жайды анықтау кезінде ер адам тыйым салынған заттың бір дозасын өз еркімен берді.

Полиция қызметкерлерінің жұмысы одан әрі жалғасты: құқық бұзушының тұрғылықты жерін тексеру кезінде 8 қап пен 6 қапшық табылды, болжам бойынша ішіндегі зат - марихуана.  Алдын ала мәліметтер бойынша, тәркіленген заттардың жалпы салмағы 5 келіден асады.

Алынған заттар сот сараптамасына жіберілді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.