Ақтөбе облысының Хромтау қаласында көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан 27 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері, нақтырақ айтқанда пышақ жарақаты болған. Облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, күдікті уақытша ұстау изоляторында. Алдын ала ақпарат бойынша, ішімдік ішу кезінде жанжал туындап, салдарынан күдікті жәбірленушіге пышақ жарақатын салған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.