$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада 20 жастағы жігіт стоматологияда көз жұмды

Астанада 20 жастағы жігіт стоматологияда көз жұмды

Астанада 20 жастағы жігіт стоматологиялық клиникада көз жұмды. Туыстарының айтуынша, тісін емдетуге барған оның бұрын-соңды денсаулығына шағымы болмаған. Қаралы отбасы жігіттің ажалына салынған екпе себеп болды деп есептейді. Ал жауаптылар не дейді? Назерке Алтынбек тарқатып айтады.

Марқұмның жеңгесі әлеуметтік желіде оқиғаның мән-жайын жариялады. Оның айтуынша, дені сау жігіт аяқ астынан ес-түссіз қалған. «Егер дәрігерлер алдын ала аллергияға сынама алғанда, бауырымыз бүгін қасымызда болар еді» дейді.

ӘСЕЛ АЙЖАНОВА, МАРҚҰМНЫҢ ЖЕҢГЕСІ:

Еш жері ауырмай сап-сау болып барған, тісін жөндетті. Тісін жөндеткенде аллергопроба алынбаған, бір рет ұстама болған. Сонда да екінші укол салған, дәрігер шақырған. Дәрігер антибиотик салған, ары қарай моргқа апарған. Біз баламыз, қайнымыз, ағамыз, бауырымыздан айырылып отырмыз.

Қазір аталған дерек бойынша полиция департаменті іс қозғады.

АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

20 жастағы қала тұрғынының өліміне байланысты Астана қалалық ПД сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Қазіргі уақытта кешенді тергеу іс-шаралары тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Денсаулық сақтау министрлігі де жағдай бақылауда екенін хабарлады. Қазір сараптама жүргізіліп жатыр. Медициналық ұйымға жүгінбес бұрын оның лицензиясына, мамандардың біліктілігіне және қауіпсіздік шараларының сақталуына баса назар аудару маңызды дейді.

АЙГҮЛ ЫСҚАҚОВА, ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Пациент медициналық орталыққа келгенде, медициналық препаратқа аллергиясы бар ма, жоқ па. Сол препаратты қолдану кезінде реакция болады ма, жоқ па оған әрдайым  тексеріс жүргізу керек.

Айта кетейік, бұл  стоматологияда болған алғашқы қайғылы жағдай емес.  Елдегі тіс емханалары жаппай тексерілуде. 626 орталықтың 87-сі талапқа сай болмай, жабылды. Тағы 76-сына айыппұл салынған.