Алматыда әуежайды су басты. Қатты нөсерден Т1 және Т2 терминалдарында шатырдан су кеткен.
Бұл видео әлеуметтік желіде тарады. Тексеру және паспорттық бақылау аймақтары суда қалған. Кейбір учаскелер уақытша жабылған. Рейстердің орындалуына кедергі келген жоқ дейді әуежай басшылығы. Қазір әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
АЛМАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Ақау 30 минут ішінде жедел түрде жойылды. Жағдай рейстердің орындалуына әсер еткен жоқ. Қазіргі уақытта әуежай штаттық режимде жұмыс істеуде. Ақаудың себебін анықтау мақсатында, сондай-ақ алдағы уақытта мұндай жағдайдың болмауы үшін инфрақұрылымға қосымша тексеру жүргізілуде.