$448.98 €502.45 ₽5.45

Алматыда жаңбыр соңы қарға ұласады: синоптиктер ескерту жасады

10.11.2026ж. 20:17
Алматыда жаңбыр соңы қарға ұласады: синоптиктер ескерту жасады
Фото: pixabay

"Қазгидромет" болжамынша, қаланың кейбір аудандарында нөсер жаңбыр жауып, жоғарғы бөлігінде жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін, деп хабарлайды Astana TV.

11 қарашаға қараған түні жауын-шашын көп түседі деп болжанып отыр. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. 12 қарашаға қараған түні де жаңбыр, қар жауып, тұман түсуі ықтимал.

Су басу қаупіне жедел әрекет ету үшін 85 бригада, 415 арнайы техника және 97 мотопомпа дайындалды.

Қала тұрғындары мен қонақтарына сақтық шараларын сақтау ұсынылады.