Арқа төсі - Көкшетауда алғаш рет «Бес асыл» республикалық ұлттық өнер сайысы өтті. АМАNAT партиясы, Ақмола облысы әкімдігі мен Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының ұйымдастыруымен өткен кеш қазақтың бес бірдей асыл мұрасын бір арнаға тоғыстырды. Жобада Ақмола мен Атырау облыстарының от тілді ақындары мен күміс көмей әншілері 5 адамнан тұратын команда құрып, өзара бақ сынасты. Айтыс, күй, жыр, терме және дәстүрлі ән өнерін дәріптеген доданың негізгі мақсаты - төл мәдениетімізді насихаттап, өңірлер арасындағы мәдени алтын көпірді нығайту.
ЕРКЕБҰЛАН ЖАУЛЫБАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ САЯСИ ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
"Бес асыл" деп атаудың өзі бұл жерде 5 өнерді тоғыстырған. 5 өнерге сай 5 әділ қазы болады. Өнерпаздарға қазылық етеді, бағасын береді. Жалпы балмен жеңген жеңімпаздар келесі айналымға өтеді.