$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шымкентте 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік дастарханы» атты ауқымды этномәдени фестиваль өтті

Шымкентте 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік дастарханы» атты ауқымды этномәдени фестиваль өтті

Шымкент қаласында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік дастарханы» атты ауқымды этномәдени фестиваль өтті. Орталық саябақта ұйымдастырылған ерекше іс-шараны «AMANAT» партиясы қала әкімдігінің қолдауымен  ұйымдастырған. Фестивальдің негізгі мақсаты – ел ішіндегі этносаралық келісімді нығайту, қазақстандық патриотизмді дамыту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Шымкент қаласы – көпұлтты келісім мен бірліктің ордасы. Бүгінде мегаполисте 50-ден астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келеді.

ТАХИРБЕК НЫШАНБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАТАУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ИСПИДЖАБ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бәріміз бір шаңырақтың астында, бір үлкен қазанда бұл жерде қазақ ұлтының ұлттық тағамдарын көрсетіп жатырмыз. Бұл жерде мақсатымыз – бәріміз бірлесу. Бірлік күніне орай бұл жерде этнос өкілдері және де партия мүшелері де осы жерде қатысып отыр. Бәріміз бүгін мақсатымыз бір -бірлік. Әрқашан елімізде тыныштық болсын! Аспанымыз ашық болсын!

Фестиваль барысында қала тұрғындары мен қонақтарына қазақ халқының ұлттық тағамдары ұсынылып, кең дастархан жайылды. Тіпті саябақта 1 тонналық қазанда еттің сорпасы да күні бойы қайнап тұрды. Көпшілік бесбармақ жеп, жылқы етінен дайындалған сірне, тай қуырдақ секілді тағамдардың бірнеше түрінен ауыз тиді. «Ет фестиваліне» арнайы қатысқандардың бірі 20 жылдан бері аспаздықты кәсіп қылған – Насибулла Халиков. Оның командасы бүгінгі шараға 4 жылқы сойып, ерекше дайындалғандарын айтады.

НАСИБУЛЛА ХАЛИКОВ, АСПАЗ:

Қазақ ұлттық тағамдарын біз жастықтан \жастайымыздан\ жеп жүргенбіз, жал-жая, қазы-қартадан. Содан міне повор болдық құдайға шүкір, кем болмадық Қазақ кухнясы өте керемет. Өте қонақжайлы.