Өскемен қаласындағы «Казцинк» ЖШС аумағында болған жарылыстан кейін тоғыз адам медициналық көмекке жүгінді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккен екі адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.
Тағы бір адамға оқиға орнында реанимациялық көмек көрсетіліп жатыр. Бір зардап шегушіні кәсіпорын қызметкерлері өз күштерімен медициналық мекемеге жеткізді.