Алдағы жылу беру маусымына дайындық аясында Премьер-министр Олжас Бектенов жылу көздері мен теміржол тұйықтарында отын қорын алдын ала жинақтауды тапсырды.
«Энергетика министрлігі Көлік министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, 1 қыркүйекке дейін жылу көздері мен теміржол тұйықтарында отын қорын алдын ала жинақтауды қамтамасыз етсін»,-деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Жұмысты бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.