Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге арналған жасырын фитозертхананың қызметін әшкереледі.
Ақпан айында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Орал қаласында қарасора тұқымдас өсімдіктерді заңсыз өсірді деген күдікпен туған екі ағайынды ұсталды. Олардың бірінің жеке үйінен желдету жүйесі мен жарықдиодты шамдармен жабдықталған, қарасора өсіруге арналған жасырын жертөле анықталды.
Оқиға орнынан 7 түп өсімдік, буып-түйілген өсімдік тектес зат, өсіруге арналған құрал-жабдықтар және 14 миллион теңгеден астам ақша тәркіленді. Екінші күдіктінің пәтерінен арнайы жабдықталған екі жылыжай-шатыр табылды. Онда 22 түп қарасора, пакеттер мен ыдыстарға салынған өсімдік тектес заттар, сондай-ақ арнайы құрал-жабдықтар тәркіленді.