$522.42 €543.89 ₽5.28
×

Мемлекет қаржысын жымқырудың жаңа деректері белгілі болды

AstanaTV
25.03.2016ж. 20:00
2068
Мемлекет қаржысын жымқырудың жаңа деректері белгілі болды

Алматыда ақпарат және байланыс комитетінің экс-басшысы мен оның орынбасары ұсталды. Болат Берсебаев пен Бек Арпабаев 160 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінген. Бұл деректі жемқорлыққа қарсы күрес бюросы Алматы қалалық департаментінің баспасөз қызметі таратты.  

Баспасөз парақшасында жазылғандай, ол ақша 2010-2015 жылдары мемлекеттік саясатты ақпараттық насихаттауға бөлінген. Сондай-ақ ұсталғандардың мемлекеттік сатып алу туралы заңды өрескел бұзғаны, тиісті келісімдердің «ҚазТАГ» агенттігімен жасалуына жағдай туғызғаны да айтылады. Бюджет ақшасы агенттіктің есепшотына түскен. Одан әрі «Ұлттық баспасөз клубы» қосымша қоғамы арқылы қолды болып келген.

Еске салсақ, Ұлттық баспасөз клубының басшысы Сейтқазы Матаев 326 миллион теңгеден астам салықты төлеуден жалтарды деген күдікке ілінді. Ол қазір үйқамақта отыр. Мұнан бөлек 260 млн теңгені жымқыру фактісі бойынша күдікке ілінген Қазақтелеком АҚ-ның лауазымды тұлғаларына қатысты іс те тергеліп жатыр,- делінген баспасөз хабарламасында.  


Азамат АЛДОҢҒАРОВ