Мақұлданған заң жобасы бойынша, жүргізушілерді даярлаумен айналысатын кәсіби бірлестіктер мен оқу ұйымдарының қызметіне мемлекеттік бақылау енгізіледі.
Автомектептерді реттеудің жаңа моделі ұсынылып отыр. Енді олардың қызметі арнайы тізілім арқылы рұқсат беру режиміне көшіріледі. Бұл нарыққа кіру кезіндегі бақылауды күшейтуге, материалдық-техникалық базаның ашықтығын, оқытушылар құрамының тексерілуін және ақпараттық жүйелер арқылы оқу процесінің қадағалануын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау саласын дамыту мәселелерінде кәсіби бірлестіктердің рөлі мен мәртебесі арта түспек.