$458.85 €503.5 ₽5.59

Елордада дрифт жасаған екі азамат әкімшілік қамауға алынды

Елордада дрифт жасаған екі азамат әкімшілік қамауға алынды
Фото: скриншот

Түнгі уақытта қала көшелерінде қауіпті маневрлер жасап, дрифт ұйымдастырған жүргізушілер полицияның назарына ілікті

Атап айтқанда, түнгі сағат 00:30 шамасында Қалдаяқов көшесінде Chevrolet көлігімен дрифт жасау дерегі анықталды, деп хабарлайды Astana TV.

Полиция қызметкерлері жедел тексеру жүргізіп, оқиғаға қатысы бар 20 және 22 жастағы екі азаматтың жеке басын анықтады.

Тексеру нәтижесінде жас жігіттердің әрекеттеріне қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қабылданды.

Сот шешімімен құқық бұзушылардың әрқайсысы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция қала көшелері жарыс алаңы емес екенін ескертеді. Дрифт жасау, қауіпті маневрлер орындау және жол қозғалысы ережелерін елемеу жүргізушілердің өздерінің ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Әрбір жүргізуші көлік тізгініне отырған сәттен бастап өз өмірімен қатар, айналасындағылардың қауіпсіздігіне де жауапты екенін ұмытпауы тиіс.