$479.38 €531.63 ₽5.27
×

«Самұрық-Қазына» қоры трансформациялау бағдарламасынан 1 трлн теңгеден астам пайда таппақ

AstanaTV
23.05.2016ж. 20:00
1737
«Самұрық-Қазына» қоры трансформациялау бағдарламасынан 1 трлн теңгеден астам пайда таппақ

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры трансформациялау бағдарламасының нәтижесінде 2020 жылға дейін 1 трлн 400 млрд теңгеге жуық пайда таппақ. Бұл туралы қордың қаржы мен операциялар жөніндегі бас директоры Елена Бахмутова компания директорлары кеңесінің мүшелерімен кездесуінде мәлімдеді.

Үш жыл ішінде шығындарын қысқарта отырып, «Самұрық-Қазына» 126 млрд теңгені үнемдеген. Әл-ауқат қоры бизнесті оңтайландыру бағдарламасынан келетін кірістен де дәмелі. Аталған бағдарламаның нәтижесі алдағы 4 жыл ішінде байқалады,- деді Елена Бахмутова.

Елена Бахмутова, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қаржы мен операциялар жөніндегі бас директоры:

Бізде шығындарды қысқарту бойынша үш бастама жүзеге асты. Негізгілері - сатып алулар, шығындарды қысқарту және корпоративтік қазынашылық бойынша. Тек осы үш бағдарламаның өзі 300 млрд теңгеден астам қаржыны үнемдеуге мүмкіндік берді. Трансформациялау бағдарламасы арқылы 2020 жылға қарай барлық компаниялар тобында 1 трлн 400 млрд теңге кіріс келтіруге болады. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ