Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Аудиторлық тексеріс нәтижесінде 198,5 миллиард теңге өтелді - Н.Әбдібеков

AstanaTV
05.02.2018ж. 20:00
3031
Аудиторлық тексеріс нәтижесінде 198,5 миллиард теңге өтелді - Н.Әбдібеков

Өткен жылы аудиторық тексерулер нәтижесінде қателігі анықталған сомалардың жартысына жуығы қайтарылған. Президентке қаржы бақылау саласының жайы туралы баяндаған Есеп комитетінің басшысы осылай деп мәлімдеді. Кездесу барысында Нұрмұхамбет Әбдібеков 2017 жылғы жұмыс нәтижелері мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттерге тоқталып өтті. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" заң нормаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіссіздер". Елбасы Есеп комитеті басшысына осындай тапсырма жүктеді. Сонымен қатар бюджет қаражатын тиімді пайдалануда Есеп комитеті тарапынан мұқият бағалау жүргізудің маңыздылығына тоқталды. Заң бұзушылықтарға жол бермеу үшін жүйелі шаралар қарастыру керектігін айтты.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, ҚР Есеп комитетінің төрағасы:

Өткен жылдың қорытындысы бойынша 354 нысанға 25 тексеру жүргізілді. Аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде қайтарылуға тиісті 307,3 миллиард теңгенің 198,5 миллиарды өтелді.