Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

"Нұр Отан" партиясының Өскемендегі филиалының партиялық бақылау комиссиясы дәріханалардағы бағаны тексерді

AstanaTV
01.02.2018ж. 20:00
2777
"Нұр Отан" партиясының Өскемендегі филиалының партиялық бақылау комиссиясы дәріханалардағы бағаны тексерді

Өскемендегі дәріханаларда баға айырмашылығы тексерілді. Тұрғындар дәріханаларда тегін берілуі тиіс препараттар тегін рецептімен босатылмай, керісінше, ақшаға емін-еркін сатылып жатқанын айтып, шағымданған. Осыдан кейін "Нұр Отан" партиясы қалалық филиалының арнайы комиссиясы бағаны бақылауға алды.

«СҚ Фармация» ЖШС Шығыс Қазақстан облысына 25 қаңтардан бастап дәрі жеткізе бастаған. Сондай-ақ тегін дәрілер енді жаңа жүйе бойынша отбасылық дәрігерлік амбулаториялар мен емханалардағы дәріханаларда беріледі. Алайда, науқастардың көбі тегін рецепт бойынша дәрілер босатылатын бөлімшелердің мекенжайын білмейтін болып шықты. Рейд барысында денсаулық басқармасының дәрі бөлімінің телефонына хабарласу да мүмкін еместігі байқалды. Комиссия дәрі бағасына да сараптама жасады. Тауар жеткізуші компания біреу болғанмен, дәріханалардағы баға әртүрлі болып шыққан. Ал, кезек әдетте дәріні 5-10 пайызға арзан сататын әлеуметтік дәріханаларда көп. Партия рейдтен кейін өз ұсыныстарын «СҚ Фармацияның» өңірдегі өкілдеріне жіберемек.

Майраш Екібасова, «Нұр Отан» партиясы Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Барлық проблемаларды хатқа тізіп құзыретті орган, облыстық денсаулық басқармасына жолдаймыз. Ары қарай олардан жауап күтеміз. Әсіресе, дәріханаларда тегін дәрілер тізімі бар бола тұра, біреулердің нұсқауымен науқастарға берілмей отырған жайттар көп кездесті.