Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Көмірсіз өмір... Аязда көмір тапшы болды.

AstanaTV
03.02.2018ж. 20:00
2017
Көмірсіз өмір... Аязда көмір тапшы болды.
   

Аяз тұрған соңғы екі аптада еліміздің көмір жағатын тұрғындары қатты қиналып қалды – көмір жоқ. Көмірден пирамидалар тұрғыза алатын  елде көмірге тапшылық әрине, күйдіреді. Логистика, сауда маңындағы былықты көрсетеді. Алып сатарлар тоннасын кей жерде 30 мың теңгеден сатқан. 

Ғалым Көбесов, Алматы облысының тұрғыны:

Алдында міне 2-3 вагон келді деген. Оны перекупщиктер алады да, анау трассаға шығып, 30 мыңнан сатып отыр тоннасын. Мына жерде 15 мыңба, 14 мың ба, сондай ғана. Біз қарапайым тұтынушылар ала алмаймыз.

Владимир Қаражанов, көмір базасының қызметкері:

Жағдай өзгерген жоқ. Әлі көмір келген жоқ. Бізге Қарағандыдан вагондар кеше жолға шықты деп айтты. Енді не сенбі, не жексенбі келіп қалуы мүмкін. 

Қайрат Маханов, Астана қаласының тұрғыны:

Өте тапшы. Қашан алыпсатарларға тоқ салады. Мясокомбинатта 12500 -ден сатады заң бойынша. Оны алып ар жағындағы пятакка барып сатады. 18-19 мыңнан сатады. Қашан тоқтатылар екен осы алып сатарлықты. Қашан келсең, көмір жоқ.

Аязды күндері апталап көмір іздеп, үйіңде бала-шағаңның тоңып отыруынан жаман нәрсе жоқ шығар. Бірақ билік тоңбайды. Мысалы, Алматы әкімдігі «бізде жетіспеушілік мүлде жоқ» деді. Сонда халық қара суықта неге 9 тұйықтың алдын торуылдап жүрді?  Цифрландыру туралы өткен форум жайлы айтуға қысыласың...