$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Amazon интернет-дүкені Brand Finance рейтингі бойынша ең қымбат бренд атанды

AstanaTV
02.02.2018ж. 20:00
5053
Amazon интернет-дүкені  Brand Finance рейтингі бойынша ең қымбат бренд атанды

Amazon ғаламтор дүкені ең қымбат интернет-дүкен атанды. Көрсеткіш британдық Brand Finance консалтингтік компаниясының рейтингі бойынша түзілді. Сайттың ақпарына сәйкес, бір жылда оның ритейлері 150 миллиард долларға қымбаттаған. Apple екінші сатыда. Автордың есебі бойынша ол 146,3 млрд долларға өскен. Алғашқы үштікті Google қорытындылап тұр. Бір жылда аталмыш бренд 120,9 млрд долларға қымбаттады. Алғашқы ондықтың арасында Samsung, Facebook, Microsoft, Verizon, Walmart және қытайлық ICBC компаниялары бар. Олардың Samsung-тан өзгесі АҚШ-та орналасқан.

Ал ТМД мемлекеттері ішінде Ресейдің «Сбербанк», «Газпром» және «Лукойл» компаниялары тізімнің 129, 315 және 363-ші орындарға жайғасқан. Тізімде барлығы 500 компания бар.