Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қарағандыда гепатиттің өршуіне байланысты базарларда тексеріс басталды

AstanaTV
02.02.2018ж. 20:00
2737
Қарағандыда гепатиттің өршуіне байланысты базарларда тексеріс басталды

Қарағандыда гепатиттің өршуіне кімнің кінәлі екені әлі анықталған жоқ. Дегенмен санитар дәрігерлер қаладағы ірі базарлар мен дүкендерде шұғыл рейдтік тексерулер өткізуді бастап кетті.

Сатушыларға аурудың алдын алу жолдары түсіндірілді. Арнайы сертификаты мен рұқсат қағазы бар-жоғы тексеріледі. Сөрелердің тазалығы да назардан тыс қалмайды. Бұл - қаладағы ең ірі бөлшек және көтерме сауда орталығы. Ірі супермаркеттер мен дүкендер көкөніс, жеміс-жидекті осы жерден алады. Өнімдердің басым бөлігі мұнда Қырғызстан мен Қытайдан, Өзбекстаннан әкелінеді. Отандық тауарлар да көп. Мамандардың айтуынша, көкөніс-жемістерден сынама алынбайды.

Еске салсақ, өңірде А гепатитін жұқтырғандар желтоқсан айының соңынан бастап көбейген. Бүгінде сырқатқа шалдыққандар саны 50-ден асқан.

Өзіміз үшін жуамыз ғой. Ал, енді сатқанда жумаймыз. Жәй сүртіп-сүртіп қоямыз. Енді алған кісі өзі нетеді ғой, жуып- шайып.

Гүлмира Күзембаева, Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бөлімінің жетекшісі:

«Шығыс» көтерме базарына халық көп келеді. Жаппай сатылым болады. Сондықтан, «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген қағидамен түсіндіру шараларын жүргізіп жатырмыз.