$486.47 €554.77 ₽6.26
×

Түркістанда түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтеді

11.05.2026ж. 15:23
Түркістанда түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтеді
Фото: gov.kz

15 мамырға жоспарланған саммитке ұйымға мүше елдердің көшбасшылары қатысады. 

Бейресми саммит қарсаңында қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Бейресми саммит барысында түркі елдері арасындағы экономикалық, көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланады деп күтілуде.

Сонымен қатар, ұйым аясындағы интеграциялық жобаларға ерекше назар аударылады. Қала аумағында 6-15 мамыр аралығында дрон ұшыруға уақытша тыйым салынған.