$447.52 €502.21 ₽5.41

Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты

AstanaTV
11.11.2026ж. 19:00
Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты

Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты. Оқиға құрылыс жұмыстары жүріп жатқан ұшақ тұрағында болған. Мердігер ұйымның бір қызметкері жазатайым жағдайдан зардап шекті. Көліктегі полиция департаменті адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

АЛМАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Оқиға салдарынан құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер ұйымның бір қызметкері зардап шекті. Әуежай уәкілетті мемлекеттік органдарға қажет көмек көрсетіп, тергеу аясында олармен өзара іс-қимыл жасауда.