$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Оралда бір мезетте екі мыңнан астам жас жаппай жаттығу жасады

12.05.2026ж. 19:00
Оралда бір мезетте екі мыңнан астам жас жаппай жаттығу жасады

Оралда екі мыңнан астам жас бір мезетте жаппай жаттығу жасады. «AMANAT» партиясы  «Жастар Рухы» жастар қанатының «Чемпиондық рух» жобасына студенттер мен мектеп оқушылары атсалысты. Облыста кең ауқымда өткізілген іс-шараларға 10 мыңнан астам адам қатысқан. Бүгінгі жаппай жаттығу қалада үшінші рет өткізіліп отыр.

АРХАТ ИСЛАМҒАЛИ, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ БҚОФ ТӨРАҒАСЫ:

Еліміздің атын әлемдік ареналарда қорғап жүрген чемпион ағаларымыз келіп, осы жерде жастарға мотивация беріп, бірге жаттығу жасады. Бұл жобамыз алдағы уақытта өзінің жалғасын табатын болады. Тек қана біздің өңірімізде емес, аудандарымызда, басқа да ірі  қалаларымызда келесі жобаларымыз жүзеге асатын болады.