Ұлттық
қауіпсіздік комитеті салықшыларды "криптовалюта былығына қатысы бар"
деп айыптады. Мемлекеттік кірістер
комитетінің Қарағанды, Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстық
департаменттері қызметкерлерінің үстінен қылмыстық істер тергеліп жатыр. Бұл
туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. Яғни салық қызметі өкілдеріне
ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникациялық желінің жұмысын қасақана бұзу
бабы бойынша айыптар тағылып отыр. Серверлер мен компьютерлерге есептеуіш ресурстарды пайдаланатын арнайы
бағдарламалар - майнерлер - жасырын орнатылған. Мұндай әдіс криптовалюта майнингін
жүзеге асыру үшін қолданылады.
Айгүл ӘДЕПБАЙ