Жасанды интеллект технологияларын енгізудің жүйелілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларды білім беру саласында қолданудың бірыңғай стандарттары бекітіледі. Бұл стандарттар оқу материалдарын жасау және бейімдеу кезінде ЖИ-ніпайдалану, білімді бағалауда технологияларды қолдану, ашықтық пен академиялық адалдықты қамтамасыз ету және оқу процесінде цифрлық құралдарды пайдаланудың этикалық аспектілерін реттеу сияқты негізгі бағыттарды қамтиды.