13-16 мамыр аралығында Қытайдың Гуйчжоу провинциясындағы Сяси қаласында ескек есу слаломынан ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жарыс қарсаңында Қазақстан командасы осы қалада шағын оқу-жаттығу жиынын өткізіп үлгерді. Алдағы күндері мына спортшылар ел намысын қорғайды:
Каноэ слалом – Қуаныш Еренғаипов, Александр Куликов, Тимур Рынк, Алуа Мәулетқан, Анастасия Ананьева, Влада Тараданова, Есеня Королева;
Каяк кросс – Иманғали Мамбетов, Владислав Рябко, Александр Коробов, Екатерина Таранцева;
Анықтама: Каноэ слаломда спортшы өзен ағысымен жалғыз түседі. Жолда ілулі тұрған «қақпалардан» (белгіленген бағаналар) өтуі керек. Каяк-кросс – бір уақытта 4 спортшы биік трамплиннен суға бірге секіріп, мәреге бірінші жету үшін жарысады. Мұнда қайықтардың бір-біріне тиюіне, соқтығысуына рұқсат етіледі. Бұл – 2024 жылғы Париж Олимпиадасында алғаш рет таныстырылған, өте қарқынды дамып келе жатқан бағдарлама.
Айта кетейік, құрлық бәсекесіне 7 мемлекеттен 85 спортшы жүлдеге таласады.