$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Енді елде іштегі баланың әкесін анықтайтын зерттеу енгізіледі

13.05.2026ж. 15:47
Енді елде іштегі баланың әкесін анықтайтын зерттеу енгізіледі
Фото: freepik.com

Биыл ДНҚ сараптамасы саласын дамыту мақсатында жаңа құрал-жабдықтар сатып алу жоспарланып отыр.

Жаңа технологиялар қайтыс болған адамның сыртқы келбетін анықтауға мүмкіндік береді.

– Жаңа құралдар арқылы қайтыс болған адамның түр-әлпетін, көзінің және шашының түсін анықтауға болады. Осындай құрал-жабдықтарды алу жоспарланып отыр, – деді Бақытжан Байтілесов.

Сондай-ақ ол ДНҚ сараптамасы саласында жаңа бағыт енгізілетінін айтты.

– Жүктіліктің жеті айлық кезеңінде нәрестенің әкелігін анықтайтын сараптама жүргізу жоспарланып отыр. Зерттеу барысында іштегі балаға зиян келтірілмейді, анасының қаны арқылы талдау жасалады, – деді орталық директоры.