$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстанда ауа температурасы қайта төмендейді

AstanaTV
02.02.2018ж. 20:00
4565
Қазақстанда ауа температурасы қайта төмендейді

Күн жылынды деп қуанғанымыз көпке бармады. Қазақстанда ауа температурасы қайта төмендейтін түрі бар. Қазгидрометтің хабарлауынша, ақпан айында салқын ауа массаларының екі бірдей толқыны өтеді. Олар айдың екінші тоқсаны мен аяғына сәйкес келеді. Теріскей аймақтарда ауа температурасы түнде минус 25-35 градус аяз, күндіз минус 15-25 градусқа дейін төмендейді деп күтіліп отыр. Ал Оңтүстік облыстарда түнде 10-20, күндіз 5-10 градус суық болады деген болжам бар. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстанда бұрқасын жүреді деп күтілуде. Тек Батыс аймақтарда ғана жылы күн райы сақталады. Синоптиктер ондағы ауа температурасы климаттық нормадан 3-8 градусқа жоғары болады деп отыр.

Айгүл Алданбергенова, «Қазгидромет» РММ бас инженері:

Алдымыздағы үш күнде Қазақстанның аумағы циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Сонымен байланысты Республиканың басым аймақтарында қар жауып, бұрқасын болады. Қатты екпінді жел күтіледі.  Оңтүстік аймақтарда тұман, көктайғақ күтіледі.